25 мамыр 2020 17:31

400 немере мен шөбере тәрбиелеген. 125 жастағы түркиялық зейнеткер коронавирусты жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©pixabay.com ©pixabay.com

Түркия тұрғыны Эще Гелебек 125 жасында коронавирусты жеңді. Оның 13 баласы мен 400 немере мен шөбересі бар, - деп хабарлайды Hurriyet DailyNews.


Түркия тұрғыны Эще Гелебек 125 жасында коронавирусты жеңді. Оның 13 баласы мен 400 немере мен шөбересі бар, - деп хабарлайды Hurriyet DailyNews.

Эще Гелебек оңтүстік Түрікиядағы Кахраманмараш провинциясында тұрады, ол 1894 жылы 1 шілдеде дүниеге келген.

20 сәуірде зейнеткердің дене қызуы күрт көтеріліп, пневмонияға күдікті әйел шұғыл ауруханаға жатқызылған. Кейін Несип Фазил атындағы аурухананың дәрігерлері оған COVID-19 диагнозын қойды. Алайда зейнеткер екі аптада толығымен сауығып шыққан.

"Ол бір апта қарқынды терапия бөлімінде және тағы жеті күн аурухана палатасында жатты. Ауруханадан шыққаннан кейін ол үйінде қосымша екі апта қатаң оқшауланды. Қазір дені сау", - дейді әжесінің келіні Эще Мейрем Гелебек. Оның айтуынша, зейнеткердің ұзақ өмір сүруі мен мықты денсаулығының құпиясы - табиғи өнімдерде.

"Бұл шындық, сүт, ірімшік, үй жемістері мен көкөністердің арқасында анамыз 83 немересі дүниеге келгенше өмір сүрді. Ал егер олардың балаларын есептесек, анам 400-ге жуық немере мен шөбере бақты", - дейді ұлы Хамдулла Гелебек.

Эще Гелебектің айтуынша, нағыз батырлар - ауруха дәрігерлері, олар қарт кісіні аяққа тұрғызып, оған жақсы қараған.

Басылым хабарлауынша, Эще COVID-19-дан сауыққан әлемдегі жасы ең үлкен пациент. Осыған дейін бұл атақ испаниялық 113 жастағы Мария Браньяске тиесілі болған.Оның үш баласы, 11 немересі және 13 шөбересі бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети