08 қараша 2015 20:51

A321 бортында жарылыс болды делінген нұсқа 90 пайызға расталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік А321 ұшағының тергеуі бойынша комиссияның мысырлық мамандары бортта бомбаның жарылған деген нұсқаны айтып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.


Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік А321 ұшағының тергеуі бойынша комиссияның мысырлық мамандары бортта бомбаның жарылған деген нұсқаны айтып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Табылған "қара жәшіктегі" өлшеулердің көрсеткіші мен дыбыстың сараптамасы мұның бомба болғанын айғақтайды. Біз мұның бомба болғанына 90 пайызға сенімдіміз", - деп мәлімдеді комиссияның мысырлық сарапшыларының өкілі.

Айта кетейік, осыған дейін халықаралық комиссияның басшысы Айман әл-Мукаддам жазбаның соңғы секундтарында бөтен дыбыстың тіркелгенін хабарлады. Америкалық және ағылшын арнайы қызметтері қайғылы оқиғаның себебі деп ұшақтың жүк сақталатын орнына қойылған жарылғыш затты атайды. Нақтырақ айтқанда, АҚШ-тың барлау қоғамының аты-жөнін атағысы келмеген мүшелері ДАИШ басшылары мен синай содырларының арасында болған әңгімені байланыс арқылы естігенін хабарлап отыр. Кейінгілері телефонмен сөйлесу барысында ресейлік әуе лайнерін құлатқандарын айтып, мақтанып жатты делінеді.

Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети