Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Airbus A320 құлауының алдында ұшқыштардың бірі кабинадан шығып кеткен

26 Наурыз 2015, 09:56
0

Франциядағы Airbus A320 апатының тергеуіне қатысып жатқандардың бірі әуе апатының жай-жапсарын айтып берді. Ол Germanwings компаниясының ұшағындағы "қара жәшікте" жазылып қалған мәліметті жария етті, - деп хабарлайды The New York Times.

Газеттің дереккөзі ұшқыштардың өзара әңгімесін сипаттап берді. Әңгімеден кейін ұшқыштардың бірі кабинадан шығып кетіп, қайта оралмаған. Airbus A320 "қара жәшігіндегі" жазбалардан ұшқыштың кабинаға кіргісі келіп, есікті ұрғылап жатқанын естуге болады. Жауап болмағаннан кейін сырттағы ұшқыш есікті қаттырақ ұрғылай бастайды. "Кейін жазбадан ұшқыштың есікті сындырып кіргісі келіп жатқанын естуге болады", - дейді тергеуге қатысушы. Айта кетейік, дереккөз тергеудің әлі аяқталмағанын айтып, осыған байланысты өз аты-жөнін айтқысы келмеді. "Біз ер адамдардың бірі кабинадан неге шығып кеткенін әзірше білмейміз, бірақ ұшақтың құлауының алдында ұшқыштардың бірінің кабинада екіншісіне есікті ашпай отырғаны белгілі", - деді ол. 

Еске сала кетейік, әуе апаты Жоғарғы Прованс Альпы департаментінің Труа-Эфевше таулы массивінде болды. Germanwings әуе компаниясының өкілдерінің айтуынша, диспетчерлер бортпен жергілікті уақыт 10:53-те 1,8 мың метр биіктікте байланысты үзіп алған. Ұшақта 150 адам болды. Олардың барлығы қаза тапты. Әуе апатында қаза болғандардың арасында үш қазақстандық бар - "Тау-Кен Темір" компаниясының директоры Ербол Иманқұлов, оның әйелі мен баласы. Сонымен қатар, Airbus A320 апатында Қазақстанда туылған опера әншісі Олег Брыжак та қаза тапты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай