16 қазан 2018 09:47

Microsoft негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vulcan.com © vulcan.com

Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі Пол Аллен 65 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның Vulcan Inc атты компаниясының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі Пол Аллен 65 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның Vulcan Inc атты компаниясының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Компаниямыздың негізін қалаған Пол Алленнің қазасы туралы қайғыра хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Аллен 16 қазанға қараған түні Сиэтлде ходжкиндік емес лимфомадан болған асқыну салдарынан көз жұмды.

Америкалық кәсіпкер Пол Аллен 1975 жылы Билл Гейтспен бірге Microsoft компаниясының негізін қалаған. Аллен 2018 жылы 20,5 миллиард доллармен Forbes журналының тізімінде 44-орынды иеленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети