Yahoo аккаунтарына шабуыл жасады деп айыпталған Қазақстан тумасы кепілмен босатуға рұқсат бермеген сот шешіміне шағым түсіреді

13 Сәуір 2017, 09:50
0
Yahoo аккаунтарына шабуыл жасады деп айыпталған Қазақстан тумасы кепілмен босатуға рұқсат бермеген сот шешіміне шағым түсіреді - Карим Баратов. © Instagram
Карим Баратов. © Instagram

АҚШ-та Yahoo аккаунтарына шабуыл жасады деп айыпталып отырған Қазақстан тумасы Карим Болатовтың адвокаты қорғалушысын кепілмен босатудан бас тартқан соттың шешіміне апелляциялық шағым түсірмекші, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті CBC телеарнасына сілтеме жасап.

"Бастапқыда айтқан дәлелдеріміз бен сот шешімін мұқият қарап шыққаннан кейін бізде негіз бар деп айта аламыз. Бірақ оған қатысты деректерді айтып бере алмаймыз", - деді адвокат Амедео ДиКарло.

Еске сала кетейік, осыған дейін Канадада Қазақстанның 22 жастағы тумасының қамауға алынып, ҚР СІМ өкілдерінің мәлімдеме жасағаны туралы хабарланған болатын. Ведомство өкілдері Баратовтың Қазақстан азаматы емес екенін мәлімдеді. Себебі, кейбір БАҚ-тар оны Қазақстан азаматы деп жатыр екен.

"Ол 2011 жылы республика заңнамасына сәйкес Қазақстан азаматтығынан айырылған", - деген еді СІМ өкілдері. Айта кетейік, Yahoo компаниясы аккаунттарына шабуылдар жасалғаны жайлы былтыр белгілі болған еді. 

Канадада қамауға алынған Қазақстан тумасы Карим Баратов кім?


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай