Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

А320 ұшағының екінші ұшқышы Лубитц ұшақ басқаруға жарамды деп танылған - ГФР әуе ведомствосы

09 Сәуір 2015, 18:22
0
Андреас Лубитц, 2009 жыл. ©REUTERS
Андреас Лубитц, 2009 жыл. ©REUTERS

А320 ұшағының екінші ұшқышы Лубитцтің ұшақ басқаруға жарамды екені көрсетілген медициналық сертификаты болған; оның ұшқыш лицензиясын алуы үшін өткен барлық процедуралары заңға қайшы болмаған, тексерушілер оның денсаулығының өзге жағдаяттары жайлы білуі мүмкін емес еді. Бұл туралы ГФР федералды әуе ведомствосының өкілі Корнелия Крамер мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости

Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Тергеу кезінде апаттың екінші ұшқыш Андреас Лубитцтің әрекетінен болғаны анықталды. Ол әріптесі шығып кеткен кезде кабинаның есігін құлыптап алған. Ақпарат құралдарының мәліметінше, Лубитцтің денсаулығы нашар болған.  

"Лубитцтың ұшқыш лицензиясын алуы үшін өткен барлық процедуралары заңға қайшы болмаған. Екінші ұшқыштың медициналық сертификаты болған, ол ұшақ басқаруға жарамды болған", - деп мәлімдеді Крамер. Оның айтуынша, федералды әуе ведомствосының ұшқыштардың медициналық картасын алуға рұқсаты жоқ, себебі бұл мекеменің құзырында емес.

"Федералды әуе ведомствосы ұшқыштарға лицензия беруді медициналық комиссияның қорытындысын негізге ала отырып реттейді. Екінші ұшқыштың медициналық сертификатында оның ұшуға жарамды екені жазылған", - деп мәлімдеді Крамер. 

Осыған дейін Die Welt неміс газеті федералды әуе ведомствосының Лубитцтің психикалық ауытқушылығы бар екенін білген болуы мүмкін екендігін хабарлаған еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай