22 наурыз 2018 16:31

Адвокат Айман Омарова батылдығы үшін АҚШ-та марапатталатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

АҚШ-та адвокат Айман Омароваға батылдығы үшін марапат беру ұйғарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


АҚШ-та адвокат Айман Омароваға батылдығы үшін марапат беру ұйғарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

АҚШ мемлекеттік департаменті 2018 жылғы International Women of Courage Award сыйлығы финалистерінің есімін атады, бұл марапат әлемнің түрлі елдерінде батылдық танытқан әйелдерге беріледі. Биылғы тізімде қазақстандық адвокат Айман Омарова бар.

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Салливан әлемдегі ең батыл 10 әйелге сыйлықты 23 наурызда табыс етеді. Бұл шарада елдің бірінші ханымы Мелания Трамп сөз сөйлейді. 

"Мемлекеттік департамент 12 жыл қатарынан әлемде бейбітшілікті, әділеттілікті, адам құқықтарын, гендерлік теңдікті, әйелдердің құқығы мен мүмкіншіліктерін кеңейтуді дәріптеп, өз бастарын қатерге тіккен батыл әйелдерді марапаттап келеді. 2007 жылы бұл сыйлық пайда болды, содан бері Мемлекеттік департамент әлемнің 65 елінен 120-дан аса әйелді марапаттады", - делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Айман Омарова финалға шыққан 10 әйелдің қатарында. Одан бөлек бұл сыйлыққа иеленушілер қатарында Гватемала, Ауғанстан, Гондурас, Ирак, Косово, Мавритания, Таиланд және Италия өкілдері бар.

Айта кетейік, Айман Омарова әйелдер мен балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты аса ауыр қылмыстар саласында маманданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети