02 маусым 2020 10:28

Африкада Эбола безгегінен бес адам қайтыс болды: тағы бір індет тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 маусымда Конго Демократиялық республикасы елде Эбола безгегі шыққанын мәлімдеді. Дерттен бес адам қайтыс болған, - деп хабарлайды РИА Новости.


1 маусымда Конго Демократиялық республикасы елде Эбола безгегі шыққанын мәлімдеді. Дерттен бес адам қайтыс болған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, Эбола безгегі Мбандака қаласында тарай бастаған.

1,5 миллион халық тұратын қалада Эбола безгегінен бес адам қайтыс болды, тағы екі адамнан осы диагноз расталған. Осыған байланысты үкіметтегілер шұғыл түрде өңірлерге дәрігерлер мен дәрі-дәрмектер жіберіп жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері Мбандака қаласына ұшып барған.


 
"ДДҰ өкілдері қазір Мбандакада, науқастарға көмек көрсетіп жатыр. Бұл дерт бізге әлемде халықтың денсаулығына қауіп төндіретін жалғыз дерт емес екенін еске салады. (...)", - деп жазды ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Twitter желісіндегі парақшасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети