20 қаңтар 2020 17:43

Әжем Алматыда тұрған - Владимир Зеленский

© facebook.com/president.gov.ua © facebook.com/president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский The Times of Israel басылымына берген сұхбатында әжесінің Алматыда тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Украина президенті Владимир Зеленский The Times of Israel басылымына берген сұхбатында әжесінің Алматыда тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Менің әжем Украинаның фашистер басып алған оңтүстігіндегі Кривой Рогта тұрған. Олар барлық еврейдің көзін жойды. Әжем басқа еврейлермен Қазақстанның Алматы қаласына эвакуацияланған. Көп адам сонда қашты. Ол сол жерде оқыды. Әжем - мұғалім. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қайтып келді", - дейді Зеленский.

Сонымен қатар, Украина басшысы Освенцимдегі неміс концлагерін босату оқиғасына 75 жыл толуына орай Израильдегі еске алу кешіне баратынын, алайда ол жерде сөз сөйлемейтінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети