23 қазан 2018 08:30

Әккі ұры зейнеткерлерді кетчуп арқылы тонаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияда зейнет жасындағы адамдары кетчуп арқылы тонаған ер адамға қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Metro UK басылымына сілтеме жасап. 


Ұлыбританияда зейнет жасындағы адамдары кетчуп арқылы тонаған ер адамға қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Metro UK басылымына сілтеме жасап. 

Өзі де зейнет жасына келген румыниялық Титус Джалиа зейнеткерлерді банк алдында күтіп, артынан білдіртпей үстілеріне кетчуп құйып жіберген соң, олардан қан ағып жатқанын айтады екен. Сөйтсе, зейнет жасындағылар естігенінен сасып қалып үстін тексеріп жатқан уақытта, Титус оларды тонай бастайды. 

Румыниялық 64 жастағы зейнеткер қылмыстарын осы жылдың мамыр айынан маусым аралығында жасағанын айтты. Сондай-ақ, ер адам жеті рет ұрлық жасағанын мойындады. Шілдеде Джалианы кепілге шықарған. Алайда, бірнеше сағат өткеннен кейін ол қалалық азық-түлік фестивалінде екі қарт әйелді тонаған.

Фестиваль қонағының бірі ер адамның оғаш қылығын аңғарып, онымен бірге суретке түсуін сұраған. Кейін жергілікті тұрғын полиция бөлімшесіне барып фестивальде болған оқиға туралы айтып, ер адамның суретін берген. Сот Титус Джалианы екі жылға бас бостандығанан айыру туралы шешім қабылдады. Қазір Джалиа Румынияда жазасын өтеуге экстрадициялауға дайындалып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети