29 шілде 2020 11:09

"АҚШ әдепті ұмытты" - Қытай СІМ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚХР сыртқы істер министрі Ван И Францияның СІМ басшысы Жан-Ив Ле Дрианмен Қытай және АҚШ арасындағы қарым-қатынасты телефон арқылы талқылады. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ван И қазіргі Қытай-Америка қарым-қатынасы халықаралық қауымдастықта көпшілікті алаңдауға себеп болып отырғанын атап өтті. 

"АҚШ әдепті ұмытты және халықаралық нормалардың ең төмен шегін бұзды. Мұндай тәртіп - қатал, билік жүргізетін саясат, бір сөзбен айтқанда - гегемония", - делінген құжатта.

СІМ басшысы АҚШ-қа қатысты абай болуға шақырды. Ол Құрама штаттардың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео қақтығыс шығарғысы келеді және ол суық соғысқа әкеп соғуы мүмкін деп болжады.

"Егер мұндай қастандық жасалса, онда бұл қақтығысқа тек Қытай-Америка қатынасы түспейді, сондай-ақ әлем бөлінеді және адамзаттың болашағына қауіп төнеді", - деп жазылған мәлімдемеде.

Еске салайық, бұған дейін Қытайдың Чэнду қаласындағы АҚШ-тың бас консулдығы жабылғаны хабарланған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети