16 сәуір 2014 10:18

АҚШ барлау қызметі басшысының Киевке келу себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джон Бреннан. ©Wired.com Джон Бреннан. ©Wired.com

Бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ Орталық барлау басқармасы басшысы Джон Бреннанның Киевке келуі Донецкі маңында 20 америкалық азаматтың жоғалуымен байланысты екенін айтады. Жоғалғандар Blackwater жеке әскери компаниясының қызметкерлері болуы мүмкін. Бұл туралы "ВЗГЛЯД" іскерлік газетіне Ресей қауіпсіздік кеңесінің жоғарғы шенді ақпарат көзі мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпарат көзінің мәліметіне қарағанда, Киев билігі америкалық қонаққа ешқандай көмек көрсете алмаған. Ал жоғалған америкалық азаматтардың ізі әзірге табылған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін БАҚ-тарда 12 сәуірде АҚШ ОББ басшысы Киевке келгені және украиналық арнай қызмет басшыларымен кеңес өткізгені айтылған болатын. Дүйсенбі күні Вашингтон Бреннанның сапарын ресми түрде растады.

Ал биліктен шеттетілген Украина президенті Виктор Янукович "украиналық күш құрылымдары Бреннанмен кездескен соң елдің шығысында әскери іс-қимылға кірісті" деп мәлімдеді.

Blackwater жеке әскери компаниясы Барбадосте тіркелген. Ол 2009 жылдан бастап Greystone Limited атанды. Компания қызметкерлері әлемнің барлық елдеріндегі әскери қимылдарға қатысады. 2004 жылы оларға қатысты Иракта атышулы дау орын алған болатын. Сол кезде америкалық жалдамалылар бейбіт шерушілерді атып өлтірген.

Ресейлік БАҚ өкілдерінің айтуынша, америкалық жалдамалылар елдің шығысына Украинаның "Ягуар" және "Сокол" арнай жасақтарының киімімен келген. Олар Луганск мен Донецкідегі шеруді басуға қатысқан.

Алайда Greystone Limited компаниясы қызметкерлері Украинадағы жағдайға еш қатысы жоқ екенін айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети