АҚШ барлау агенттіктері америкалық әскери-теңіз күштерінің ұшқыштары байқаған атмосфералық құбылыстардың бөтен ғарыш кемелерімен байланысы бар екенін дәлелдей алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

The New York Times басылымының деректеріне сәйкес, арнайы қызметтердің материалдарында соңғы 20 жылда болған 120-ға жуық оқиға қаралған. Бұл құбылыстардың АҚШ армиясының технологиясына қатысы жоқ екені атап өтілді. Бұл - ұшқыштардың Үкіметтің құпия бағдарламаларына қатысы бар ұшақтарды көрді деген мәліметті жоққа шығарады.
"Үкімет зерттеліп жатқан құбылыстар бөтен кеме болуы мүмкін деген теорияны толығымен жоққа шығармауы керек", - делінген әкімшіліктің жоғары лауазымды тұлғаларының хабарламасында.
Бұған дейін Пентагон 25 маусымға дейін беймәлім ұшатын нысандар туралы есебін көпшілікке жариялайтыны хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!