18 мамыр 2021 10:34

Пентагон беймәлім ұшатын нысандар туралы есебін көпшілікке жариялайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

АҚШ Ұлттық барлау директорының аппараты және басқа агенттіктер Конгреске белгісіз ұшатын нысандар туралы есептерін ұсынуы тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Unilad басылымына сілтеме жасап. 


АҚШ Ұлттық барлау директорының аппараты және басқа агенттіктер Конгреске белгісіз ұшатын нысандар туралы есептерін ұсынуы тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Unilad басылымына сілтеме жасап. 

Былтыр жыл соңында Дональд Трамп АҚШ барлау агенттіктері мен Қорғаныс министрлігін беймәлім ұшатын нысандар (БҰН) туралы есеп дайындауға міндеттеген болатын. 2021 жылға арналған бюджет туралы заң жобасына сәйкес, құжат Конгреске 180 күн ішінде, яғни 25 маусымға дейін ұсынылуы қажет.

Қорғаныс министрлігінің өкілі Пентагон БҰН туралы хабарламаларды қалай өңдегенін де зерттеуі керек. 

"Бұл баяндаманың мақсаты - Қорғаныс министрлігінің белгісіз ұшатын нысандарға қатысты әрекет ету дәрежесін анықтау", - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, дайындалып жатқан баяндамада беймәлім ұшатын нысандар туралы АҚШ-тың барлық барлау мәліметі егжей-тегжей талдануы тиіс. Сонымен қатар, Американың барлау агенттіктері мен Пентагон Конгреске қолда бар мәліметтер негізінде "Елге қауіп төне ме?" деген сұраққа жауапты хабарлауы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети