04 маусым 2021 11:40

АҚШ барлау қызметтері өзге ғаламшарлықтар жоқ дегенді дәлелдей алмады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

АҚШ барлау агенттіктері америкалық әскери-теңіз күштерінің ұшқыштары байқаған атмосфералық құбылыстардың бөтен ғарыш кемелерімен байланысы бар екенін дәлелдей алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

The New York Times басылымының деректеріне сәйкес, арнайы қызметтердің материалдарында соңғы 20 жылда болған 120-ға жуық оқиға қаралған. Бұл құбылыстардың АҚШ армиясының технологиясына қатысы жоқ екені атап өтілді. Бұл - ұшқыштардың Үкіметтің құпия бағдарламаларына қатысы бар ұшақтарды көрді деген мәліметті жоққа шығарады.

"Үкімет зерттеліп жатқан құбылыстар бөтен кеме болуы мүмкін деген теорияны толығымен жоққа шығармауы керек", - делінген әкімшіліктің жоғары лауазымды тұлғаларының хабарламасында.

Бұған дейін Пентагон 25 маусымға дейін беймәлім ұшатын нысандар туралы есебін көпшілікке жариялайтыны хабарланған еді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети