Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

АҚШ COVID-19 жұқтырған адам саны бойынша үшінші орынға шықты 22 наурыз 2020, 08:37

АҚШ COVID-19 жұқтыру бойынша Қытай мен Италиядан кейін үшінші орынға шықты. Мұндай мәліметті федерал және жергілікті статистиканы жүргізетін
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© REUTERS © REUTERS

АҚШ COVID-19 жұқтыру бойынша Қытай мен Италиядан кейін үшінші орынға шықты. Мұндай мәліметті федерал және жергілікті статистиканы жүргізетін Джонс Хопкинс америкалық университеті келтірген, - деп хабарлайды РИА Новости

Университет мәліметі бойынша, АҚШ-та барлығы 25 493 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, 307 адам қайтыс болған. 

Бүгінде АҚШ коронавирус жұқтырған адам саны бойынша Қытай (81 мыңдай) мен Италиядан (53 мыңдай) кейін үшінші орында тұр. Ал Испанияда COVID-19 жұқтыру бойынша адам саны АҚШ-тан небәрі 100-ге аз болған күннің өзінде, қайтыс болғандардың саны 1,3 мыңға жуық болды. 

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынамадан өткізіле бастады

Соңғы аптада АҚШ-та қайтыс болғандардың саны 10 есе ұлғайған.

Еске салайық, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Пандемия - бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Join Telegram