17 наурыз 2020 09:13

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынамадан өткізіле бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Америкалық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық жағдайда адамдар арқылы сынамадан өткізе бастады, - деп хабарлайды РИА Новости


Америкалық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық жағдайда адамдар арқылы сынамадан өткізе бастады, - деп хабарлайды РИА Новости

Сиэтлдегі Kaiser Permanente Washington Research ғылыми институтының зерттеуіне 45 адам қатысады. Оларға бір ай бойы вакцинаның екі дозасы беріледі.

Алғашқы инъекция шағын технология компаниясында менеджер болып қызмет ететін ер адамға салынды. Вакцинаның нақты қашан дайын болатыны әзірге белгісіз. 

Еске салайық, бүгін бір тәулікте 14 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бір тәулікте вирус жұқтырған 13 903 адам анықталған. Оның 29-ы ғана Қытай аймағынан. Жалпы бүгінге дейін COVID-19 жұқтырғандардың саны - 167 511.

Қытайдан тыс жерде 848 адам қайтыс болған. Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 6606 болса, оның 3388-і - Қытайдан тыс мемлекет адамдары. Вирус 151 елге тарап үлгерген.

Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды саны 10-ға жетті. Оның жетеуі Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарында, екеуі - Нұр-Сұлтанда, тағы бір қазақстандық Германияда.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети