28 шілде 2021 07:47

АҚШ "дельта" штамы туралы хабардан кейін маска тағу режиміне оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

АҚШ-та вакцина салдырғандар үшін міндетті маска режимін қайтару туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


АҚШ-та вакцина салдырғандар үшін міндетті маска режимін қайтару туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Бұл шектеу коронавирус таралу деңгейі жоғары аудандарға қатысты, яғни АҚШ аумағының үштен екісіне, негізінен елдің оңтүстігінде және батысында орналасқан штаттарға қатысты екен.

АҚШ президенті Джо Байден вакцинация науқанын күшейту және бетперде тағу Америка Құрама Штаттарына 2020 жылы елде болған локдаундардан құтылуға көмектеседі деп түсіндірді.

"Біз бұған оралмаймыз. Бүгінгі хабарландыру "дельта" нұсқасынан ең маңызды қорғаныс вакцина екенін анық көрсетеді. АҚШ-тағы ересектердің көпшілігі вакцина салдырған болса да, әлі де салдырмағандар тым көп, бұл жағдайды өзгерту керек", - деді Байден.

Бұл шектеулер Үндістанда пайда болған "дельта" штамына қатысты енгізіліп отыр екен. Себебі АҚШ-тағы коронавирус жағдайларының 80 пайызынан астамында осы нұсқа бар деген ақпарат пайда болған.

Атап айтқанда, АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) вакцинация статусына қарамастан мұғалімдерге, оқушыларға және басқа да оқу орындарына келушілерді бетперде тағуға үндеп отыр.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден вакцина салдырғандардың құқықтарын кеңейту үшін жаңа ережелерге сәйкес масканы көпшілік алдында шешіп тастағандардың бірі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети