20 сәуір 2021 09:40

АҚШ елшісі Мәскеуден кетуден бас тартты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Салливан Сыртқы істер министрлігі басшысының Вашингтонға кеңес алуға бару туралы ұсынысына қарамастан Мәскеуден кетуден бас тартты, - деп хабарлайды РИА Новости


АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Салливан Сыртқы істер министрлігі басшысының Вашингтонға кеңес алуға бару туралы ұсынысына қарамастан Мәскеуден кетуден бас тартты, - деп хабарлайды РИА Новости

Бұл туралы Axios порталы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Ол ресейлік тарап Салливанды Ресейден кетуге "мәжбүр етуі керек" деді.

Айта кетейік, 16 сәуірде Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Ресей тарапы Салливанға "Вашингтонға барып, онда егжей-тегжейлі, байыпты кеңес өткізуді" ұсынғанын айтты. Мұны Ресей мен АҚШ-тың Вашингтон мен Мәскеудегі елшілері жағдайды талдау және кеңес беру үшін өз елінің астанасында болуы керек деп түсіндірді.

Бір күн бұрын АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізген. Олар 32 адам мен ұйымдарға, ресейлік мемлекеттік облигацияларды тікелей сатып алуға әсер етеді. Сонымен қатар, он ресейлік дипломат елден шығарылған.

Бұған жауап ретінде Мәскеу он америкалық дипломатты Ресейден шығаруды ұсынған. Сондай-ақ, АҚШ дипломатиялық миссия қызметкерлерінің сапарлары тоқтатылды және олардың елдегі қозғалысы шектелді, Мемлекеттік департамент пен басқа ведомстволар бақылауындағы америкалық қорлар жұмысы тоқтатылған болатын.

Сонымен қатар, Ресей билігі АҚШ әкімшілігінің қазіргі және бұрынғы сегіз шенеунігіне елге кіруге тыйым салған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети