15 қыркүйек 2021 16:01

АҚШ Кабулдан ауғандарды эвакуациялауды қайта бастау шартын атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ билігі Кабулдан ауғандарды эвакуациялауды қайта бастау шартын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC15 сайтына сілтеме жасап.


АҚШ билігі Кабулдан ауғандарды эвакуациялауды қайта бастау шартын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC15 сайтына сілтеме жасап.

Вашингтон әкімшілігінің өкілі ауғандарды қызылшаға қарсы вакциналау аяқталғаннан кейін ғана АҚШ рейстерді қайта ашатынын мәлімдеді.

Шенеунік босқындар арасында вирус жұқтырғандар саны алтыға жеткенін айтты. Қазіргі уақытта мамандар Ауғанстан азаматтарына екпе жасап жатыр.

"Қауіпсіздік мақсатында және АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) нұсқауына сәйкес, жақында АҚШ-қа келген ауғандардың арасында қызылша диагнозы қойылған алты жағдайға байланысты АҚШ-қа ұшуды уақытша тоқтаттық", - деп мәлімдемеде айтылған.

АҚШ әкімшілігі вакцинация процесі 19 қыркүйекке дейін аяқталады деп күтеді, содан кейін вакцинаның әсерін күшейту үшін "біраз уақыт қажет" болады.

"Бұл жағдайға барынша мұқият қараймыз, өйткені біз, осы миссияға кіретін әр адамның денсаулығы мен әл-ауқатына жауаптымыз", - делінген хабарламада.

Бұған дейін қызылшаның өршуіне байланысты мыңдаған ауған Германияның әуе базасында тұрып қалғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети