АҚШ пен Иран Ормуз бұғазында өзара шабуылдарды тоқтатуға және сейсенбі күні Катар астанасы Дохада кездесу өткізуге келісті. Бұл туралы Axios хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
АҚШ пен Иран Ормуз бұғазында өзара шабуылдарды тоқтатуға және сейсенбі күні Катар астанасы Дохада кездесу өткізуге келісті. Бұл туралы Axios хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Басылым жоғары лауазымды америкалық шенеунікке сілтеме жасайды.
"Біз барлық кинетикалық белсенділікті тоқтатуды ұйғардық", - деді Axios дереккөзі.
🚨ШҰҒЫЛ: АҚШ пен Иран соққыларды тоқтатуға және осы аптада кездесуге келісті, деп хабарлады маған АҚШ шенеуніктері. Толығырақ @axios https://t.co/UWuRAYREFH
— Барак Равид (@BarakRavid) 28 маусым, 2026 жыл
Америкалық тағы бір шенеунік екі тараптың "әзірге" әрекеттерден тартынатынын және "техникалық келіссөздер жүріп жатқанда кемелердің еркін өтуіне рұқсат берілетінін" хабарлады.
Израиль жексенбі күні Ливанның оңтүстігіндегі ауылда Иран қолдайтын "Хезболла" содырларына қайтадан соққы жасап, топ пайдаланатын жерасты инфрақұрылымын жойғанын мәлімдеді. Бұл Ливанмен жасалған соңғы атысты тоқтату келісімінен кейінгі сенбі күнгі кезекті соққыдан кейін болды.
Еске сала кетейік, 28 маусымға қараған түні АҚШ бірнеше жаңа соққы жасады. АҚШ Қарулы Күштерінің Таяу Шығыстағы Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) бұл шара ирандықтардың Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемеге кезекті рет оқ жаудырғанына жауап ретінде жүзеге асырылғанын хабарлады.
Бұған жауап ретінде Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) АҚШ-тың Кувейттегі әуе базасы мен Бахрейндегі Әскери-теңіз күштері базасына соққы жасады.