АҚШ пен Израиль Иранды бөлу мақсатында “жұмсақ соғысқа“ көшті - Тегеран

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ пен Израиль Иранды бөлу мақсатында “жұмсақ соғысқа“ көшті - Тегеран Anadolu Ajansı

Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегеран сауда палатасының мүшелерімен кездесу барысында әскери мақсаттарына жете алмаған жау ел экономикасына нұқсан келтіруге тырысып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.


Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегеран сауда палатасының мүшелерімен кездесу барысында әскери мақсаттарына жете алмаған жау ел экономикасына нұқсан келтіруге тырысып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда негізгі шайқас алаңы - экономикалық соғыс. Әскери салада өз мақсаттарына қол жеткізе алмаған жау елдің экономикалық тұрақтылығын шайқалтуға және халықтың күнкөріс көздерін жоюға баса назар аударып отыр", - деді Пезешкиан.

Иран президенті жеке секторды нығайту елдің экономикалық қуатын арттырып, ұлттық тұрақтылықты бекемдейтінін атап өтті.

Өз кезегінде Иран Барлау министрлігі АҚШ пен Израиль "әскери қақтығыстар тоқтағаннан кейін өз мақсаттарына жету үшін Иранға қарсы "жұмсақ соғыс" пен түрлі қастандықтарды қолдануға тырысып жатқанын" хабарлады.

Министрліктің "сенімді барлау көздеріне негізделген" мәлімдемесінде: "Жау соңғы соғыстың басында ашық жариялаған, бірақ әскери шабуыл арқылы қол жеткізе алмаған елді күйрету және бөлшектеу мақсатын енді басқа әдістермен жүзеге асыруға тырысып жатыр", - делінген.

Бұл тұрғыда АҚШ пен Израильдің "жұмсақ соғыс", "когнитивті соғыс" және "гибридті соғыс" әдістеріне ерекше мән беріп отырғаны айтылады.

Барлау министрлігі АҚШ пен Израильдің әлеуметтік арандатушылықтар жасауды, атап айтқанда, экономикалық қиындықтар мен қымбатшылықты пайдалануды, этникалық және діни топтар арасына іріткі салу арқылы ұлттық бірлікті шайқалтуды, әсіресе солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда террористік шабуылдар ұйымдастыруды, сондай-ақ ел ішінде кісі өлтіру мен диверсиялық актілерді жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Мәлімдемеде жаулардың қару-жарақ, оқ-дәрі және, атап айтқанда, Starlink сияқты байланыс құралдарының контрабандасын жандандыруды, тыңшылық және арандатушылық мақсатта парсы тіліндегі BBC, "Америка дауысы" және Iran International сияқты БАҚ-тарды пайдалануды, сондай-ақ жалған ақпарат үшін әлеуметтік желілерді белсенді түрде іске қосуды көздеп отырғаны айтылған.

Мәлімдемеде "бұл жоспарларға қарсы қажетті шаралар қабылданғаны және иран халқының бірлігі мен қарсылығы бұл қауіптердің барлығын жоққа шығаратыны" хабарланды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 478.01   555.71   6.67 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +14
Ақтау +21
Ақтөбе +16
Атырау +23
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +14
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +27
П
Павлодар +19
Петропавл +29
С
Семей +26
Т
Талдықорған +25
Тараз +26
Түркістан +15
О
Орал +26
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +15

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер