АҚШ пен Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ пен Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ пен Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Америка Құрама Штаттары Ресейдің технология саласына қарсы жаңа санкциялар салды. Осылайша, елдің Қаржы министрлігі 13 жеке тұлға мен 21 ұйымға санкция салды, оның ішінде Ресейдегі ең ірі микроэлектроника өндірушісі "Микрон" акционерлік қоғамы бар.

Санкцияға ұшырағандар арасында Мәскеудегі "Серния Инжиниринг" және жабдық өндіруші "Серталь" компаниясы бар. Қаржы министрлігі оларды Ресей қорғаныс секторы үшін азаматтық мақсатта қолданылуы мүмкін жабдықтар мен технологияларды заңсыз сатып алды деп айыптады.

Сонымен қатар, жапон билігі Солтүстік Кореядағы қару-жарақ жобаларына қатысқаны үшін төрт ресейлік ұйым, үш ресейлік жеке тұлға және солтүстік кореялық алты жеке тұлғаның активтеріне тыйым салды, деп хабарлады Reuters.

Жапония Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, тізімге ресейліктер Александр Гаевой, Александр Часовников және Роман Алар, сондай-ақ "Аполлон", "РК Бриз", "Зил - М" және "Парсек" компаниялары кіреді. Оларға Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық жобаларына қатысты деген айып тағылып отыр. Енді олардың Жапониядағы барлық активіне тыйым салынады, деп хабарлады министрлік.

Бұған дейін Жапония ресейліктердің капиталын бұғаттап, Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салған болатын. Оның үстіне, ел билігі Беларусь үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкция салуды қарастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro