25 наурыз 2022 13:54

Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде айтылған. Осылайша, Жапония үкіметі тағы 25 ресейлік жеке тұлғаның активтерін бұғаттап, 81 ресейлік ұйымға экспорттауға тыйым салған.

Ведомство мәліметінше, санкциялар тізіміне: Миасс автомобиль зауыты, "Вымпел" кеме жасау зауыты, Амур кеме жасау зауыты, "Байкал Электроникс" электроника өндірушісі, "Стрела" өндірістік кешені, "Звезда" машина жасау зауыты және т.б. кірген.

Бұған қоса, премьер-министр Фумио Кисида Жапония Ресейді саудадағы ең қолайлы мемлекет мәртебесінен айыру және цифрлық активтер көмегімен қаржылық санкцияларды айналып өтуге жол бермеу үшін шаралар қабылдайтынын айтты.

Бұған дейін Жапония ресейліктер капиталын бұғаттап, Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салған болатын. Оның үстіне, ел билігі Беларусь үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкция салуды қарастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети