АҚШ пен Оңтүстік Кореяның арнайы жасағы Ким Чен Ынды өлтірмекші

08 Қаңтар 2017, 15:36
0
АҚШ пен Оңтүстік Кореяның арнайы жасағы Ким Чен Ынды өлтірмекші - © OHRANA.RU
© OHRANA.RU

Солтүстік Корея басшылығының көзін жоюға Сеул жасақтаған арнайы топ құрамын америкалық арнайы жасақ жауынгерлері де кіреді, - деп хабарлайды РИА Новости "Ренхап" агенттігіне сілтеме жасап. Өз кезегінде Оңтүстік Кореяның жаңалықтар агенттігі бұл хабарды тарату кезінде ел әскеріндегі мәлімет көзіне сүйенген. 

Екі мың адамға дейін жетуі мүмкін топты биыл жасақтамақ. Мәлімет көзінің сөзінше, америкалық әскерилер оңтүстік кореялық басшылыққа бағынатын болады. 

Алдағы болуы мүмкін жағдайларға дайын болу үшін біріккен жаттығулар жүргізіледі. Биыл Вашингтон және Сеул әскери оқу-жаттығулар санын арттыруға келіскенін айта кету керек. Арнайы бригаданы құрудағы мқсат - КХДР басшысы Ким Чен Ынды, елдің өзге де әскери және саяси басшылығының көзін эою.

Мұның алдында оңтүстік кореялық әскерилер МН-47 жаңа тікұшақтары, жерсеріктік новигация және басқа да қару-жарақ арқылы "Солтүстікті түртпектеу операциясына" дайындалып жатқаны хабарланған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай