АҚШ президенті КХДР-ға қарсы ядролық қару қолдануға дайын екенін мәлімдеді

04 Қыркүйек 2017, 09:20
0
АҚШ президенті КХДР-ға қарсы ядролық қару қолдануға дайын екенін мәлімдеді - © Reuters
© Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэмен телефон арқылы әңгімесінде КХДР-ға қарсы ядролық қару қолдануға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 қыркүйекте КХДР сутек бомбасын сынақтан сәтті өткізгенін жариялаған болатын. Трамп Абэмен әңгімесінде Вашингтонның өзін және өз одақтастарын қорғайтынын айтты.

"Президент Трамп АҚШ-тың өз және одақтастарының территориясын дипломатиялық шаралардың барлық спектрін, әдеттегі және ядролық мүмкіндігі бар шараларды қолдану арқылы қорғау туралы міндеттемесін растады", - делінген хабарламада.  

Мұнымен қатар, америкалық президент Twitter желісінде Вашингтонның КХДР-мен бизнес жүргізіп отырған барлық елмен сауданы толықтай тоқтату мүмкіндігін қарастырып отырғаны жайлы жазды.

Бұған жауап ретінде WikiLeaks сайтын жасаған Джулиан Ассанж АҚШ Қытаймен КХДР үшін сауданы тоқтатар болса, Дональд Трамп өз қызметінен кетіріледі дегенді айтқан. КХДР саудасының 90 пайызы Қытаймен жасалып отыр. Трамп АҚШ пен Қытай арасындағы 650 миллиард долларлық сауданы тоқтатып тастаса, орнынан кетеді", - деп жазды Ассанж Twitter желісінде.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай