21 қыркүйек 2020 09:15

АҚШ президентіне у салынған сәлемдеме жіберді деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

АҚШ президенті Дональд Трампқа уы бар сәлемдеме жіберді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


АҚШ президенті Дональд Трампқа уы бар сәлемдеме жіберді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

NBC телеарнасының мәліметіне сәйкес, күдікті Канададан АҚШ-қа кіргелі жатқан жерінде ұсталған.

Алғашында ұсталған адам туралы ақпарат болмаған. Кейін уы бар сәлемдемені әйел жібергені белгілі болды. Дереккөздің мәліметінше, күдікті Нью-Йорк штатындағы шекара өткелінде ұсталыпты. Әйелдің қаруы болған.

Айта кетейік, сенбіде федарал тергеу бюросының Вашингтондағы бөлімі Ақ үйге рицин уы бар сәлемдеме жіберілгенін хабарлаған еді. Ақ үйге жіберілген барлық пошта АҚШ президентінің резиденциясынан тыс аумақта тексеріледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети