21 қаңтар 2021 17:01

АҚШ президентінің толық есімі Желі қолданушыларын таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің екінші есімі желі қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 


АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің екінші есімі желі қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Джо Байден сегіз жыл бойы АҚШ вице-президенті болғанына қарамастан, көптеген америкалық дәстүрлі ант беру рәсіміне дейін оның толық атын білмеген екен. 

Көп кездесе бермейтін ерекше есім "Твиттерде" танымал болып кетті. Жаңа президенттің толық аты-жөні - кіші Джозеф Робинетт Байден.

"Фактілерді тексеру: Иә, сіз "Робинетт" сөзін дұрыс естідіңіз", - деп жазған The Onion сатиралық жаңалықтар агенттігі.

Желі қолданушылары Робинетт дегенде әдетте ересек әйел елестейтінін айтып жатыр, дегенмен бұл Джо Байденнің ерекшелігі болды. Ол басқа билік өкілдері арасында көзге түсті. 

"Біз екінші есімді Робинетт деген адамды таңдадық па???" - деп таңғалды радио жүргізушісі және блогер Кевин Клэнси.

Ал Байден бұл атау француз тілінен шыққанын және әжесінің әкесінің аты екенін айтты. Оның Джозеф Гарри Байденге тұрмысқа шықпай тұрғандағы өз есімі Мэри Элизабет Робинетт. Президенттің әкесі олардың тұңғышы болғандықтан, атын Джозеф Робинетт Байден қойған.

HowManyOfMe.com деректері бойынша, тек 10,8 мың адамның тегі Робинетт, ал мұндай есім мүлде сирек кездеседі - бар болғаны 1,8 мың. Байден деген одан да сирек, 170-ке жуық адамның ғана тегі сондай, оған президент отбасы да кіреді.

Еске салайық, 78 жастағы демократ Джо Байден АҚШ-тың 46-шы президенті болды. Ол қарашада өткен сайлауда республикашыл Дональд Трампты жеңді. Трамп Байденнің ұлықтау рәсіміне қатысудан бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети