Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп Барак Обаманы ДАИШ ұйымын құрды деп айыптады

03 Қаңтар 2016, 12:42
2
© REUTERS
© REUTERS

АҚШ президенттігіне үміткер, миллиардер Дональд Трамп ДАИШ террорлық ұйымын Барак Обама мен елдің бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон құрды деп есептейді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Порталдың мәліметінше, бұған дейін Хиллари Клинтон Трамптың мұсылмандарға қарсы айтқан сөздері ДАИШ ұйымына қосылғандардың қатарының артуына себеп болып жатқанын айтқан. Клинтон бұл ойын "Әл-Каидаға" қатысы бар топтардың бірі Трампың сөйлеген сөзінен үзінді келтіріп, видео түсіргеннен кейін бөлісті. 

Ал Трамп бұған жауап ретінде: "Хиллари Клинтон мен Обама ДАИШ ұйымын құрды", - деді сенбі күні Миссисипи штатында сайлаушылардың алдында сөйлеп тұрып.

Айта кетейік, Дональд Трамп бұған дейін АҚШ-қа мұсылмандарды кіргізбеуге шақырып, терроризмді жеңу үшін лаңкестердің отбасы мүшелерін өлтіру керек деп есептейтінін айтқан болатын. Трамптың бұл сөзіне АҚШ-тың кейбір саясаткерлері мен ел тұрғындары наразылық білдірді.

Бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон қазір Демократиялық партия атынан АҚШ президенті лауазымына таласып жатыр. Оның басты бәселекестері ретінде Мэрилендтің бұрынғы губернаторы Мартин О'Мэлли мен сенатор Берни Сандерс айтылып жүр. Республикалық партия атынан президент болуға 15 шақты үміткер ниет білдірді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай