03 наурыз 2022 08:52

АҚШ Ресейдің қауіпсіздік саласындағы талаптарын қабылдамайды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: pixabay Иллюстрация: pixabay

АҚШ Ресейдің НАТО мен Украинаға қатысты қауіпсіздік талаптарын қабылдамайды. Бұл туралы Сыртқы істер комитетіндегі конгрестің өкілдер палатасының тыңдауында АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Уэнди Шерман айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RG сайтына сілтеме жасап.

Уэнди Шерманның айтуынша, Мәскеудің НАТО-ны 1997 жылға қайтару туралы ұсынысы іске аспайды, өйткені одақтың қазіргі мүшелері оның қатарынан кетуі керек болады. Сонымен қатар, ол егер Украина НАТО-ға кіруді ұйғарса, альянс оған келісетінін айтты.

РИА Новости мәліметінше, Шерман Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығару мүмкін еместігін мәлімдеген. Ол үшін ұйым жарғысына өзгерістер енгізу керек болады. Оның айтуынша, Ақ үй әзірше мұндай әрекет қажет деп таппаған.

Бұған дейін БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің Украинадағы арнайы операциясын айыптайтын қарар қабылдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети