03 наурыз 2022 02:31

АҚШ Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

АҚШ Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамынан шығару мүмкіндігін зерттеп жатыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Уэнди Шерман мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз қазір барлық амалды қарастырып жатырмыз. Менің білуімше, белгілі ережелердің бұзылуына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамынан мүше елдерді шығаруға мүмкіндік бар. Алайда бұл БҰҰ Жарғысын өзгертуді талап етеді", - деді ол. 

Дипломат бұл мәселенің күрделі екенін жеткізді. 

"Әрине, бұл оңай шаруа емес. Біз қазір өте маңызды әрі күрделі мәселені қозғап отырмыз. Дегенмен, бүкіл әлем бұл жағдайдың салдары неге әкеліп соғатынын білуі керек", - дейді Шерман. 

Бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейдің Украинадағы арнайы операциясын айыптайтын резолюция қабылдаған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети