16 шілде 2020 14:43

АҚШ сенаты TikTok-қа тыйым салу мәселесін талқылайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

22 шілдеде АҚШ сенаты мемлекеттік қызметкердің бәріне TikTok қосымшасын қолдануға тыйым салу мәселесін талқылайды, - деп хабарлайды Reuters.


22 шілдеде АҚШ сенаты мемлекеттік қызметкердің бәріне TikTok қосымшасын қолдануға тыйым салу мәселесін талқылайды, - деп хабарлайды Reuters.

Билік әлеуметтік желі елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп санайды. Олар қытайлық ByteDance концернінің иелігіндегі ТикТок желісі қолданушылар туралы деректерді жинап, оны Қытай билігімен бөлісуі мүмкін деп болжайды.

"Бұл қауіпсіздік үшін қатерлі... Біз Пекиннің барлық федералды қызметкердің географиялық орналасуын білгенін шынымен қалаймыз ба?" - деді республикашыл сенатор Джош Хоули.

ТикТок өкілі Джейми Фавацца америкалық пайдаланушылардың деректері Вирджиния штаты мен Сингапурда қызметкерлердің қатаң бақылауында сақталатынын айтты.

«АҚШ-тағы TikTok ең мықты қауіпсіздік жүйесін құру үшін көп жұмыс істеп жатыр", - деді Фавацца.

Бұған дейін мемлекеттік хатшы Майк Помпео АҚШ билігі қытайлық қосымшаларды қолдануға тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети