АҚШ-та 17 жыл бойы сәби күткен әйел бірден алты бала босанды

26 Мамыр 2017, 09:29
0
АҚШ-та 17 жыл бойы сәби күткен әйел бірден алты бала босанды -

АҚШ-та 17 жыл бойы сәби күткен әйел бірден алты бала босанды, - деп жазады Washington Post.

Аджибола мен Адебойя Тайво - Ричмонд тумалары (Виргиния штаты). Олар 11 мамырда 3 ұл мен 3 қыздың ата-анасы атады. Әйел сәбилерді 40 дәрігердің көмегімен босанған. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің жағдайы жақсы, әзірше медициналық бақылауда болады.

Дүниеге келген сәбилердің ең кішісінің салмағы - шамамен 500 грамм, ал ең үлкенінің салмағы бір келіден кішкене ғана асады екен.

Айта кетейік, бірден алты бала босану өте сирек кездесетін жағдай. АҚШ-тың медицина билігіндегілердің мәліметінше, елде төрт миллион сәби дүниеге келген. Олардың 24-інде ғана сәбилер төртеу және одан көп болып туылған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай