22 шілде 2020 11:54

АҚШ-та анасына қауіп төндірген оқушы түрмеге қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: bitnovosti.com Фото: bitnovosti.com

Мичиган штатындағы Окленд округінің судьясы 15 жастағы оқушы қызды анасына қауіп төндіргені үшін бостандыққа жіберуден бас тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 


Мичиган штатындағы Окленд округінің судьясы 15 жастағы оқушы қызды анасына қауіп төндіргені үшін бостандыққа жіберуден бас тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Бұл іске қатысты сот отырысы қыздың адвокаты оны мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы сотқа өтінішхат бергеннен кейін басталған.

Алайда судья Мэри Эллен Бреннан 15 жастағы оқушы кәмелетке толмағандарды ұстау мекемесінде қалдыру қажет деп үкім шығарған. Оның пікірінше, бұл шешім қызға сабақ болуы керек. 

 "Менің ойымша, осылай болуы керек", - дейді судья.

Сондай-ақ, ол қыз бен анасының арасындағы жанжалдан кейін полиция олардың үйіне 3 рет барғанын атап өтті. Алайда 15 жастағы Грейс үй тапсырмасын орындамағаны үшін емес, анасына қауіп төндіргені үшін қамауға алыныпты.

Айта кетейік, 2019 жылы Грейске (фамилиясы айтылмайды) адамға шабуыл және ұрлық жасады деп айып тағылды. Ол сынақ мерзімімен бостандықта жүретін болды. Кейін судья оны үй тапсырмасын орындамауын сынақ мерзімінің шарттарын орындамау деп есептеп, кәмелетке толмаған заңбұзушыларға арналған кешенге жіберді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети