05 қазан 2018 09:27

АҚШ-та биікке тік көтеріле алатын жолаушылар ұшағы жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Transcend Air америкалық стартабы биікке тік көтеріліп-түсе алатын жолаушылар ұшағын таныстырды, - деп хабарлайды CNN.


Transcend Air америкалық стартабы биікке тік көтеріліп-түсе алатын жолаушылар ұшағын таныстырды, - деп хабарлайды CNN.

Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай ұшақтар бизнес-тасымалдауға қажет әрі кәсіпкерлерге көп уақытын ұшуға емес, оған дайындық процесіне жұмсайтын жағдайдан құтылуға көмектеседі. Әдетте ұшуға дайындық процедуралары дегеніміз - әуежайға барар жол, рейске тіркелу, қойманы көру.

Ұшуға және қонуға кез келген қолайлы алаң қолданылуы мүмкін, оның ішінде тікұшақ қонатын айлақ та бар. 

Transcend Air бас операциялық директоры Питер Шмидттің айтуынша, компания енді ғана нарықтағы реттеушілермен байланысқа түсе бастады, сондықтан ұшуға рұқсатты 2024 жылы бірақ алу жоспарланып отыр екен. 

Ал бұл ұшақты жасап шығаруға 6 жыл қажет болған. Салонда небәрі алты орын бар, бортта стюардесса болмайды екен, сондықтан компаниядағылар кофені жолаушыларға ұшпай тұрып ұсынады екен. Бұл жоба іске асып жатса, саяхатшылар Нью-Йорктен Бостонға 36 минутта жете алады, ал Лос-Анджелестен Сан-Франциоскоға 55, Торонтодан Монреальға бір сағатта жетеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети