13 мамыр 2021 14:37

АҚШ-та екі ұшақ соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/SouthMetroPIO Фото: twitter.com/SouthMetroPIO

АҚШ-тың Колорадо штатында әуеде екі жеңіл ұшақ соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


АҚШ-тың Колорадо штатында әуеде екі жеңіл ұшақ соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Денвер қаласының маңында Metroliner және Cirrus маркалы ұшақтары апатқа ұшырады. Алдын ала ақпарат бойынша, қақтығыс олар қонуға дайындалған кезде болған.

Төтенше жағдай салдарынан ұшақтардың бірі апатты қону кезінде қолданылатын парашютпен су қоймасының маңына түсуге мәжбүр болған. Екіншісі қатты зақымданғанына қарамастан Centennial әуежайына қауіпсіз қонды.

АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесінің (NTSB) мәліметі бойынша, бірінші ұшақта ұшқыш пен жолаушы болған, екіншісінде тек ұшқыш болған. Олар зардап шеккен жоқ. Ешқайсы медициналық көмекке жүгінбеді. 

"Ұшқыштардың әрқайсы дәл қазір барып лотерея билетін сатып алуы тиіс. Бәрі аман қалды, мұндайды ешқашан көргем жоқ", - деді округ шерифінің орынбасары Джон Бартманн.

Қазіргі уақытта оқиға орнына NTSB өкілдері жетті, тергеу жүріп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети