Америкалық БАҚ-тар Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығарып, соңғы мәлімет бойынша 59 адамды өлтіріп, 500-ден аса адамды жарақаттаған 64 жастағы зейнеткер Стивен Пэддоктың суретін жариялады, - деп хабарлайды Вести.Ru. Сондай-ақ, атқышпен бірге саяхаттаған көңіл қосқан серігі Мэри Лу Дэнлидің суреті жария болды.
Америкалық БАҚ-тар Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығарып, соңғы мәлімет бойынша 59 адамды өлтіріп, 500-ден аса адамды жарақаттаған 64 жастағы зейнеткер Стивен Пэддоктың суретін жариялады, - деп хабарлайды Вести.Ru. Сондай-ақ, атқышпен бірге саяхаттаған көңіл қосқан серігі Мэри Лу Дэнлидің суреті жария болды.
Атқыш Стивен Пэддок зейнетке шыққан, аңшылыққа рұқсаты болған және Лас-Вегасқа казино ойнау үшін жиі келіп тұрған, концерттер мен шоуларға да көрермен болған. © Heavy.com
NBC News телеарнасының мәліметінше, Пэддоктың қандай да бір халықаралық террористік ұйымдармен байланысы болмаған. © foxnews.com
Мэри Лу Дэнлиге іздеу жарияланды. Кейін полиция әйелдің бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Қылмыс кезінде ол Лас-Вегаста болмаған. © Heavy.com
Стивен Пэддок Невада штатындағы Мескит қаласында қарттарға арналған коммунасында 62 жастағы сүйіктісімен тұрып жатқан (Лас-Вегастан шамамен 130 шақырым жерде). Ер адамның онда 2015 жылы 369 мың долларға сатып алған үйі бар екен.
Сонымен қатар, оның байқуатты адам болғаны айтылады. Оның үйімен қатар, екі жеке ұшағы бар екен, ал 2003 жылы пилот лицензиясын алған. Оның аңшылық пен балық аулауға да рұқсаты болыпты. Қазіргі уақытқа дейін ол заң бұзбаған. Бастапқыда ол Lockheed Martin компаниясында аудитор болып жұмыс істепті. Ол әскерде қызмет етпеген.
28 қыркүйекте Пэддок көңіл қосқан серігінің құжатын пайдаланып, Mandalay Bay қонақүйінің 32-қабатындағы нөмірін жалдаған, сол жақтан атыс шығарған делінеді.
Ал Пэддоктың бауыры отбасының бұл оқиғадан есеңгіреп отырғанын айтады. "Стивен мұндай жасайды деп ойламағанбыз. Қарапайым жігіт еді. Бірдеңе болғанға ұқсайды", - деп келтіреді оның сөзін Daily Mail.
Еске салайық, 1 қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты.
Қырғын жасағаннан кейін ер адам өзіне қол жұмсаған, ал полиейлер нөмір ішінен сегіз дана қару тапқан. KNTV телеарнасы атқыштың қаруды екі платформаға орнатқанын анықтапты. Сонымен қатар, ол полицейлердің қалай келіп жатқанын камера арқылы көріп отырған.
Лас-Вегастағы қырғын АҚШ тарихында адам өлімі ең көп тіркелген оқиға болып отыр. Мұның алдында 2016 жылдың 12 маусымында Орландода болған қырғын рекорд жаңартқан еді. Сол кезде Pulse гей-клубында 49 адам өліп, 53-і жарақат алған болатын.
© Reuters/NBC4
Қырғыннан кейін оқиғаны ДАИШ содырлары өз мойнына алып үлгерген. Алайда АҚШ ФТБ Лас-Вегастағы атысты террористік ұйыммен байланысы жоқ деп тапты. ОББ өкілдері ДАИШ-тың мәлімдемесінен хабардар екенін және асығыс шешім шығармауға шақырды.