1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

АҚШ-та жаяу жүргіншілер көпірі адамдарға құлады, қаза болғандар бар16 наурыз 2018, 09:43

Видеодан кадр Видеодан кадр

АҚШ-тың Флорида штатында жаяу жүргіншілер көпірі қирады. Төтенше жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Көпір Майамидің оңтүстік-батысында Халықарадық университеттің кампусы маңында орналасқан.

БАҚ мәліметінше, салмағы 950 тонна болатын көпірдің астында бірнеше көлік қалып қалған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Басылымның мәліметінше, көпір инновациялық технологиялармен жасалып, жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарына қауіпсіздікті кепіл етуі тиіс болған. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың басында аяқталады деп жоспарланып отыр.