28 маусым 2022 08:52

АҚШ-та жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті: қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: fox2now.com Фото: fox2now.com

Лос-Анджелестен Чикагоға бара жатқан жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысқаннан кейін рельстен шығып кетті. Үш адам қаза тапты, 50 адам зардап шекті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox2 телеарнасына сілтеме жасап.

Пойызда 243 жолаушы, 12 қызметкер болған. Ол жүк көлігімен соқтығысқаннан кейін жеті вагон рельстен шығып кетті.

Ауруханаға 13 адам жеткізілді. Үш адам, соның ішінде автотүсіргіш жүргізушісі қайтыс болды. Телеарна мәліметінше, апаттан кем дегенде 50 адам зардап шеккен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети