23 қазан 2020 10:38

АҚШ-та қара нәсілділерді пышақтамақ болған қыз ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: mediazavod.ru Фото: mediazavod.ru

Джорджия штатының соты 17 жастағы қызды қара нәсілділерге шабуыл жасамақ болған жоспары үшін 4 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, қыз Гейнсвилл қаласындағы африкалық әдіскер епископ шіркеуіне баратындарды пышақтамақ болған. Тұтқындау кезінде ол 16 жаста болған. Қыз адамдарды нәсіліне бөліп, осындай қылмыс жасауды көздеген. Сотталушы шабуылды қалай жасайтынын күнделігіне жазып отырған.

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, 17 жастағы қыз қасапшы және ас үй пышақтарын сатып алған және қылмыс жасалатын орынға "барлау" жүргізген.

Сотталушы 21 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі департаменттің арнайы орталығында болады. Ол орталықтан шыққан соң да 10 жыл бақылауда болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети