1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

АҚШ-та коронавирус жұқтырған әйел 355 күн бойы ауырған 26 қазан 2021, 17:38

АҚШ-та COVID-19 жұқтырған әйел 355 күн бойы ауырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Science Alert сайтына сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ-та COVID-19 жұқтырған әйел 355 күн бойы ауырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Science Alert сайтына сілтеме жасап.

Мэриленд штатының 47 жастағы тұрғыны 2020 жылдың көктемінде коронавируспен ауруханаға жатқызылған. Ол көп ұзамай ауруханадан шығарылған, бірақ жазылып кетпеген: науқас үйінде қосымша оттегі аппаратын қолданған.

Ұлттық денсаулық сақтау институтының (NIH) мамандары биоматериал үлгілерін салыстырып, әйел бір жылға жуық уақыт бойы вирусты қайта жұқтырмағанын анықтаған, соған қарамастан, оған коронавирус диагнозы қойылған және сәйкес белгілері де байқалған: жөтел, ентігу. Вирус жұқтырғаннан кейін он ай өткен соң науқастың денесінен алынған вирус геномының талдауы В.1.332 штамын көрсеткен, ол зерттеу уақытында іс жүзінде айналымда болмаған. Бұл нәтиже әйелдің қайтадан жұқтырмағанын және осы уақыт бойы патоген оның денесінде қалғанын растады.

Әйелдің иммунитеті қатерлі ісіктен кейін әлсірегені айтылған. Ол үш жыл бұрын ағзада антиденелерді қалыптастыруы керек жасушалар санын азайтатын емдеу курсынан сәтті өткен екен. Дәрігерлердің айтуынша, бұл COVID-19-дың ұзақ уақытқа созылуына себеп болуы мүмкін.

Емделу кезінде әйел вирус жұқтырып, жазылған адамдардан қан плазмасын алған. Нәтижесінде, науқас толықтай жазылып, енді оттегі маскасынсыз жүреді.

Мэриленд штатындағы науқас COVID-19 жұқтырып, 290 күн бойы ауырған 72 жастағы ұлыбританиялықтың рекордын жаңартқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram