21 қыркүйек 2021 14:44

АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 1918 жылғы пандемиядан асты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 1918 жылғы пандемиядан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі US News сілтеме жасап.


АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 1918 жылғы пандемиядан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі US News сілтеме жасап.

Джонс Хопкинс университеті мәліметі бойынша, АҚШ-та COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 676 075-ке жеткен.

Испан тұмауы бұрын Америка Құрама Штаттарындағы ең қауіпті ауру саналған. Ауруды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, 1918 жылғы пандемия кезінде 675 мың америкалық қайтыс болған, ауру толқыны шамамен екі жылға созылған.

Қазіргі уақытта АҚШ-та коронавируспен байланысты өлім-жітім әлемде тіркелген 4,7 миллионға жуық өлімнің шамамен 19 пайызы болды. Ел халқы әлем халқының шамамен 4,2 пайызын құрайтынын ескерсек, бұл үлкен көрсеткіш.

 "Менің ойымша, бүкіл әлем Америка пандемияның алғашқы сатысында дұрыс жұмыс жасамағанын біледі", - деді Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институтының медицина тарихшысы Дэвид Моренс. 

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 28 миллионнан асқанын және COVID-19 құрбандарының саны үш соғыстағы шығындардан асып түскенін мәлім еткен. Осыған байланысты ақпанның аяғында Байден коронавирустан қайтыс болған америкалықтарға бес күндік аза тұту жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети