13 мамыр 2020 09:24

АҚШ-та науқасты қорғаныш киімінсіз құтқарған медбике қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Лос-Анджелесте коронавирус жұқтырған науқасты құтқарған медбикенің өзі екі аптадан кейін сол вирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Los Angeles Times


Лос-Анджелесте коронавирус жұқтырған науқасты құтқарған медбикенің өзі екі аптадан кейін сол вирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Los Angeles Times

61 жастағы Силия Маркостың әріптестері оның науқасқа қорғаныш киімінсіз көмек көрсеткенін айтады. Ер адам тыныс ала алмай жатқандықтан медбике киім ауыстыруға уақыт оздырып аламын деп қорыққан екен. 

Алайда басылым әйел адамның қайтыс болуының басқа да себебін келтірген. Медбикелердің бірі аноним түрде бұл ауруханада дәрігерлерге қорғаныш маскалары жеткіліксіз екенін айтқан. Жергілікті еңбекті қорғау басқармасы медбикенің қайтыс болуына да қорғаныш киімдерінің жетіспеуі себеп болғанын айтады. Аурухана өкілдері бұл айыптаулармен келіспейтінін жеткізген. 

Джонс Хопкинс атындағы университеттің соңғы мәліметтері бойынша, АҚШ-та жалпы 1 369 386 науқас тіркелген. 82 339 адам қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети