25 желтоқсан 2020 10:46

АҚШ-та полицей қарусыз афроамерикалықты атып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Огайо штатының Колумбус қаласында полиция қызметкері қарусыз афроамерикалықты атып өлтірді. Тұрғынның қолында қару болмаған, тек ұялы телефон болғаны анықталды, - деп хабарлайды РЕН-ТВ.


Огайо штатының Колумбус қаласында полиция қызметкері қарусыз афроамерикалықты атып өлтірді. Тұрғынның қолында қару болмаған, тек ұялы телефон болғаны анықталды, - деп хабарлайды РЕН-ТВ.

Дереккөз мәліметінше, 22 желтоқсанға қараған түні тәртіп сақшысы Адам Кой жергілікті тұрғынның үйіне келген. Ол полицияға қоңырау шалып, көлік қозғалтқышының жұмыс істеп тұрғанын, сондықтан ұйықтай алмай жатқанына шағымданған. Полицей оқиға орнына барып, көлікке жақындаған. Осы сәтте ол өзіне жақындап келе жатқан афроамерикалықты көрген.

Тұрғынның сол қолында ұялы телефон, ал екінші қолында не болғанын полиция қызметкері көрмеген. Белгісіз себептерге байланысты тәртіп сақшысы афроамерикалық Андре Морис Хиллді атып өлтірген.

Кейін полиция атып өлтірген адамның көрші үйге қонаққа шақырылғаны анықталды. Бұл жағдай полиция қызметкерінің кеуде камерасына түсірілген. Алайда ол камераның дыбысын қоспаған.

Сондықтан оқиғаның мән-жайы әлі нақты анықталған жоқ.

Басылым мәліметінше, қазіргі таңда Кой қызметінен шеттетілді, тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети