14 маусым 2020 10:39

АҚШ-та полицей тағы бір афроамерикалықты атып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Georgia Bureau of Investigation Сурет: Georgia Bureau of Investigation

Джорджия штаты Атланта қаласында тағы бір афроамерикалықтың қайтыс болуына байланысты шерулердің жаңа толқыны басталды. Бұл жолы да полицей афроамерикалықты ұстау кезінде жарақаттаған, кейін ол ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Washington Post газеті жазады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Джорджия штаты Атланта қаласында тағы бір афроамерикалықтың қайтыс болуына байланысты шерулердің жаңа толқыны басталды. Бұл жолы да полицей афроамерикалықты ұстау кезінде жарақаттаған, кейін ол ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Washington Post газеті жазады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Әлеуметтік желілерде тараған видеоға штат полицейлері жауап берді. 27 жастағы қара нәсілді ер адам Рейшард Брукс жұма күні кешке полицей қолынан қайтыс болды. Ақпарат бойынша, құқық қорғау органдарына кафе алдындағы тұрақта автомобильде ұйықтап қалған адамға шағым түскен. Полиция қызметкерлері одан алкогольге тест алып, ол оң нәтиже көрсеткен, кейін жанжал кезінде ер адам полиция қызметкерінің электрошок қаруын жұлып алып, қашып кетпек болған, содан кейін полицей оған оқ атқан. Брукс операциядан кейін ауруханада көз жұмды.

Джорджия полициясының тергеу бюросы болған оқиғаны зерттеп жатыр.

Рэйшард Брукс қайтыс болғаннан кейін, қалалық полиция басшысы Эрик Шилдс отставкаға кетті. Бұл туралы қаланың мэрі Кейша Лэнс Боттомс хабарлады.

Атланта мэрі Шилдс қалалық полицияда жұмысын жалғастыратынын айтты.

Боттомс қайтыс болған ер адамның отбасына көңіл айтты. Баспасөз конференциясында ол осы оқиғаға және полиция қызметкерлері тарапынан күш қолданылған басқа да жағдайларға тергеу жүргізуге шақырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети