25 қараша 2021 10:49

АҚШ-та Сәуле Омарова жоғары лауазымға тағайындалмай қалуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қазақстан тумасы Сәуле Омарованың АҚШ-та жоғары лауазымға тағайындалуына конгрестегі бірқатар демократ қарсылық білдірді. Осыдан кейін Омарованың бұл лауазымға тағайындалмай қалуы мүмкін екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы алғаш рет Axios порталы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып жазды. Онда сенаторлар Джон Тестер, Марк Уорнер және Кирстен Синема Сенат банк комитетінің төрағасы Шеррод Браунмен телефон арқылы сөйлескенде Омарованың кандидатурасын қолдамайтынын айтқаны көрсетілген.

Сондай-ақ, оларға демократ сенаторлар Джон Хикенлупер мен Марк Келли де қосылды. Дерекке сүйенсек, олар бұл туралы Омарова ханымды ұсынған Ақ үйге де хабарлаған. Портал болжамы бойынша, бұдан кейін оны "тағайындау мүмкін емес".

Бұл ретте Ақ үй өкілі әкімшілік өз таңдауын ұстанатынын айтты.

"Сәуле Омарова бұл лауазымға лайықты. Ол ұсынылған сәттен бастап, республикашылардан әділетсіз қудалауға ұшырады", - деді шенеунік.

Бұған дейін АҚШ Сенатында банк реттеушісінің басшысы лауазымына Сәуле Омарованың кандидатурасын ұсыну кезінде дау шыққаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети