1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

АҚШ-тағы ең жомарт миллиардерлер тізімі жарияланды 20 қаңтар 2021, 15:56

Америкалық миллиардер инвестор және Berkshire Hathaway бас директоры Уоррен Баффет Forbes журналының нұсқасы бойынша АҚШ-тағы ең жомарт меценат
© REUTERS © REUTERS

Америкалық миллиардер инвестор және Berkshire Hathaway бас директоры Уоррен Баффет Forbes журналының нұсқасы бойынша АҚШ-тағы ең жомарт меценат тізімінде көш бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Head Topics-ке сілтеме жасап.

Рейтинг жасаған кезде оның осы уақытқа дейін қайырымдылыққа бөлген сомасы есептелген. Сонымен қатар, Forbes қордың әлі жұмсалмаған қаржысын бұл есепке қоспаған. Қайырымдылық шарасына бөлінген сома 2020 жылдан бастап есептелді.

Уоррен Баффет - 42,8 миллиард доллар

Журналдың бағалауы бойынша, 88,8 миллиард доллар байлығы бар америкалық кәсіпкер қайырымдылыққа 42,8 миллиард доллар жұмсаған. Баффет көбіне денсаулық сақтауды дамыту және кедейлікпен күресуге қаражат бөледі. 2010 жылы кәсіпкер өз байлығын бес қайырымдылық қорына беруді ұйғарған. Ең көп қаражатты Билл мен Мелинда Гейтстер қорына бөлген.

Билл мен Мелинда Гейтстер - 29,8 миллиард доллар

2013 және 2012 жылдардағы қайырымдылық рейтингінде көш бастаған Билл мен Мелинда Гейтстер бұл жолы екінші орында. 2014 жылы олардың қоры полиомиелит, безгек, туберкулез, ЖИТС және АИТВ-мен күреске 1,3 миллиард доллар бөлді. 120,7 миллиард доллар байлығы бар Билл мен Мелинда Гейтстер жалпы 29,8 миллиард долларын қайырымдылыққа жұмсаған.

Джордж Сорос - 16,8 миллиард доллар

АҚШ-тың ең жомарт меценаттары үштігін Джордж Сорос қорытындылады. Forbes мәліметтері бойынша, оның байлығы 8,6 миллиард долларға тең және өмір бойы қайырымдылыққа 16,8 миллиард доллар бөлген. Миллиардер "Ашық қоғам" қоры арқылы адам құқықтарын дамыту және ақпарат бостандығына бағытталған жобаларды қаржыландырады.

Майкл Блумберг - 11,1 миллиард доллар

Төртінші орында Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Майкл Блумберг, оның байлығы журнал есебіне сүйенсек 54,9 миллиард доллар, ал қайырымдылыққа жалпы сомасы 11,1 миллиард доллар жұмсаған.

Daily Mail

Осылайша, АҚШ-тың ең қайырымды он тұлғасы 2020 жылғы нәтиже бойынша қайырымдылыққа 127 миллиард доллардан (53 триллион теңгеден астам) астам қаржы бөлген. Жомарт америкалық миллиардерлер рейтингіне Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың бұрынғы әйелі Маккензи Скотт (қайырымдылыққа 5,83 миллиард доллардан астам қаражат бөлді, бесінші орын), сондай-ақ Facebook басшысы Марк Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чан (2,7 миллиард доллар, оныншы орын) кірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!