27 қараша 2021 15:08

АҚШ-тың Нэшвилл қаласындағы атыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 4 адам жараланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Twitter @MNPDNashville Фото Twitter @MNPDNashville

АҚШ-тың Теннесси штатындағы Нэшвилл қаласында атыс болып, кемінде үш адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Құқық қорғаушылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті полиция қызметінің Twitter-парақшасына сілтеме жасап.

"Жұмада кешке 21.45-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 07.45) Торбетт-стриттегі пәтерде атыс болып, 3 адамның өмірін қиды. Тағы төрт адам зардап шекті, жарақаты өміріне қауіпті емес. Адам өлімін тергеу бөлімінің детективтері атысқа не себеп болғанын тексереді", - делінген Нэшвилл полициясының Twitter-дегі хабарламасында.

Полицейлер есікті бұзып кіру белгілерін таппаған. Оқиға орнында екі тапанша анықталды.

Құқық қорғау органдары бұл іске қатысты күдіктілер туралы мәлімет бермеді. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети