11 қараша 2021 13:41

АҚШ-тың он штаты Байден әкімшілігін сотқа берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ-тың он штаты Байден әкімшілігін медицина қызметкерлерін вакциналау мандатына байланысты сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


АҚШ-тың он штаты Байден әкімшілігін медицина қызметкерлерін вакциналау мандатына байланысты сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Миссури, Небраска, Арканзас, Канзас, Айова, Вайоминг, Аляска, Оңтүстік Дакота, Солтүстік Дакота және Нью-Гэмпшир штаттарының бас прокуроры АҚШ-тың Сент-Луистағы Миссуридің шығыс округі бойынша округтік сотына бірлесіп шағым түсірді.

Он штаттың бас прокуроры - республикашылдар Байден әкімшілігінің миллиондаған АҚШ медицина қызметкерін коронавирусқа қарсы вакциналау талабы жұмыс күші тапшылығын күшейтетінін мәлімдеді.

Арыз Ақ үй басшысы Джо Байден медицина қызметкерлеріне екпе салу мандаты 4 қаңтарда күшіне енетінін айтқаннан кейін түскен.

"Денсаулық сақтау мекемелері мен қызметкерлерге қосымша мандат беру бұл проблеманы күшейтеді және кейбір нысандардың, әсіресе қызмет көрсетілмейтін ауылдық жерлерде жабылып қалуына әкелуі мүмкін", - деді Канзас бас прокуроры Дерек Шмидт.
 

Medicare және Medicaid орталықтары (CMS) АҚШ ауруханаларының 41 пайызы қызметкерлерінен вакцинациядан өту сұралғанын және бұл мандаттың барлық денсаулық сақтау мекемесіне қолданылуы қызметкерлердің басқа мекемеден жұмыс іздеуге болмайтындығына кепілдік береді деп мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) иммунитеті төмен адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын енгізуге рұқсат берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети