03 наурыз 2014 16:43

АҚШ Украинаға бақылаушыларды дереу жіберуді сұрады

©REUTERS

АҚШ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан (OSCE) Украинаға бақылаушыларды дереу жіберуді сұрады деп хабарлайды AFP. АҚШ-тың ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Дэниэл Бэрдің пікірінше, бақылаушыларды жіберу туралы шешім бүгін, 3 наурызда қабылдануы тиіс. Елшінің баяндамасында бұл әрекеттің "жанжалдың алдын алып, оны реттеуге, адам құқығын қорғауды қамтамасыз етуге, шекаралық жанжалды болдырмауға, аумақтық тұтастықты сақтауға ықпал етуге, сондай-ақ, аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдауға көмектесетіні" айтылған. Баяндама Венада ЕҚЫҰ жанындағы арнайы тұрақты кеңестің жиынында таныстырылды. Биыл ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші Швейцарияның президенті Дидье Буркхальтердің пікірінше, Украина бақылаушыларды өзі шақыруы тиіс. "Мен украин билігін Украинадағы оқиғалардың жайын бағалау үшін ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросын бақылаушылар миссиясын құруға шақырамын", - деді Буркхальтер. ЕҚЫҰ-ның Венадағы жиыны Украинадағы дағдарысқа, әсіресе, ахуалға Ресейдің араласуы мәселесіне арналды. 1 наурыз күні Ресей Президенті Владимир Путиннің Украина аумағына әскери жасақтарды кіргізу туралы өтінішін Федерация кеңесі бірауыздан мақұлдағанын еске сала кетейік.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram